Мұхитарал - Балалар
4 400 ₸
Бұл- теңіз тереңінің ғажайып мекендеушілерімен танысуға және мұхиттарды сақтаудың маңыздылығы туралы көбірек білуге мүмкіндік беретін ерекше кеңістік.
Океанариум — Астананың ең танымал көрікті жерлерінің бірі. Бұл — мұхиттан ең қашықта орналасқан океанариум ретінде Гиннестің рекордтар кітабына ресми түрде енгізілген, әлемдегі бірегей инженерлік жетістік. Океанариум мұхиттан 3000 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан.
Океанариумда, суасты әлеміне саяхат суасты жолдар арқылы көлдер мен өзендердің тұщы сулы бассейндерінен басталады, содан кейін тропикалық өзеннің суасты қыраттары арқылы жүріп өтіп суасты аңғарларын, таяз жағалау суларын және алуан түрлі маржан рифтерін тамашалаймыз, содан соң рифтерді басып өтіп, ашық теңіз суларын мекендеушілермен кездесеміз.
Океанариумның ең көрікті жері — ұзындығы 70 метрлік мөлдір туннелі бар негізгі аквариум.
Туннельге кіргенде, мұхит тереңіндегі серуенге шығасыз. Сол сәтте сіздің үстіңізде, қол жететін жерде лимон және риф акулаларының, алып скат балықтарының қалқып жүргенін көресіз, ежелгі теңіз тасбақаларының жайбарақат жүзіп жүргенін тамашалайсыз.
Океанариум 2003 жылғы 6 мамырда Астанада Қазақстанның бірінші президентінің қатысуымен ашылды. Бұл біздің елімізде ғана емес, бүкіл ТМД-да осындай алғашқы ерекше нысан болды.

Океанариумның құрылысы республика үшін техника және аквариумистика саласында өзгеше қызмет саласын құрды. Жаңа Зеландиядан келген инженерлер океанариумды жобалады, ал Қазақстан мамандары жобаның құрылысына және жүзеге асырылуына белсенді түрде қатысып, ашылғаннан кейін оның жұмысын көптеген жылдар бойы жетілдірді.
Жасанды суасты теңіз әлемін жасау үшін океанариумды тіршілікпен қамтамасыз ету жүйесі 23 жылдан астам уақыт бойы үздіксіз жұмыс істеп келеді, бұл — табиғи теңіздің суасты ортасына барынша ұқсас етіп құрылған күрделі механизм.
Планетаның барлық жерінен — Оңтүстік Америка, Африка, Азияның тұщысуларынан бастап, әлемдік мұхиттардың маржан рифтерінен және тереңдіктерінен әкелінген 4000 астам суасты мекендеушілерінің тіршілігі үшін арнайы дайындалған 3 000 000 литрден стам су және 100 тонна теңіз тұзы пайдаланылады.
2017 жылы елорданың инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасының аясында «Думан» ойын-сауық орталығы ребрендинг және қайта құру — жаңарту процесінен өтті, «Ailand» жаңа атауын алды.
Содан бері экспозициялық алаңдар кеңейтілді, жаңа көрме аквариумдары салынды және суасты жануарларына күтім жасаудың заманауи стандарттары енгізілді. Одан бері Океанариум ірі көлемді туризм кластерінің бастаушысына айналды.
2023 жылы Океанариум 20 жылдық мерейтойын сәндік-тауарлық аквамәдениет бойынша халықаралық ғылыми — практикалық конференция өткізу арқылы атап өтті. Содан бері конференция 2 жыл сайын өткізіліп келеді.
Бүгінгі таңда Ailand Океанариумы экологиялық оқыту-ағарту саласында, сәндік аквамәдениеттің ғылыми бағытын дамытуда және су экожүйелерінің биоәртүрлілігін сақтауда басты рөл атқарады.
4 400 ₸
5 600 ₸